№49 "Қоңыртөбе" жалпы орта білім беретін мектебінде «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» атты іс-шарасы болып өтті. Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар мен ата - аналар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз! 1 қыркүйек барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі!
Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірсе, мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады.Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!
http://konyrtobe-keles.edu.kz/12/10633-%D0%B0%D0%BB%D2%93%D0%B0%D1%88%D2%9B%D1%8B-%D2%9B%D0%BE%D2%A3%D1%8B%D1%80%D0%B0%D1%83.html#sigFreeId9a8c5fe9ec